«Әділет» партиясының өкілдері спорт саласының қызметкерлерімен кездесті

«Әділет» партиясының өкілдері спорт саласының қызметкерлерімен кездесті
Фото: «Әділет» партиясы

Бүгін Астанада мәслихат депутаттарын сайлау науқаны басталды. Науқан аясында елордада ғана емес, республикалық деңгейде де бірқатар ауқымды үгіт-насихат және ақпараттық-түсіндіру іс-шаралары өтеді. Осы орайда «Әділет» партиясының өкілдері Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешенінің еңбек ұжымымен кездесіп, партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Басқосуға 70-ке жуық адам қатысты, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Кездесуге «Әділет» партиясы Астана қалалық филиалының төрағасы Мағжан Қыстаубаев, Қалибек Қыстаубаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрының директоры, партиялық тізім бойынша кандидат Ербол Хабылбеков және партиялық тізім бойынша кандидат Вероника Масимова қатысты. Сондай-ақ жиынға №4 сайлау округі бойынша кандидат Азамат Айтхожиннің сенімді өкілі қатысты.

Тараптар спорт саласын дамыту, бұқаралық спортты қолдау және спорт нысандарының қолжетімділігін арттыру мәселелерін талқылады. Партия өкілдері сайлауалды бағдарламаның негізгі басымдықтарына тоқталып, оның бағыттарын түсіндірді.

Өз кезегінде спорт кешенінің қызметкерлері саладағы өзекті мәселелерді көтеріп, ұсыныс-пікірлерін жеткізді. Ашық пікір алмасу барысында еңбек ұжымының талап-тілектері тыңдалып, спорт саласын одан әрі дамытуға қатысты ойларын ортаға салды.

Астана қаласы мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражатынан төленді.