Елорда көшесінде 197 км/сағ жылдамдықпен жүрген Porsche айыппұл тұрағына қойылды

Елорда көшесінде 197 км/сағ жылдамдықпен жүрген Porsche айыппұл тұрағына қойылды
Фото: «Заң мен тәртіп» парақшасы

Елорда көшесінде 197 км/сағ жылдамдықпен жүрген Porsche айыппұл тұрағына қойылды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Астана қаласы бойынша «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасының ресми парақшасына сілтеме жасап.

«19 тамызда Тұран даңғылы мен Орынбор көшесінің қиылысындағы бақылау камерасы Porsche көлігінің жылдамдығын 197 км/сағ деп тіркеді. Иесі — 1994 жылғы азамат жыл басынан бері 30-дан астам бұзушылық жасаған, оның 14-і жылдамдықты шектен асыру. Оған ҚР ӘҚБтК 434-бабының 1-бөлігі бойынша хаттама толтырылып, көлік айыппұл тұрағына қойылды», делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, полиция қоғамдық тәртіпті сақтау және азаматтарға жедел көмек көрсету мақсатында заманауи цифрлық технологияларды оның ішінде дрон,  патрульдік автокөліктегі мобильді кешен, орташа жылдамдықты бақылау жүйесі және лазерлік кешендерді кеңінен қолданып жүр.