Header Banner

Атырауда оқушылар көшеден тауып алған әмиянды полицияға тапсырды

Бүгін, 13:36
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Атырауда оқушылар көшеден тауып алған әмиянды полицияға тапсырды
Фото: видеодан скриншот/ Polisia.kz

Адалдықтың үлгісін Атырауқаласы «Нұрсая» ықшам ауданындағы бір топ оқушы ісімен дәлелдеді , деп хабарлайды Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 
«Нұрсая» ықшам ауданында патрульдеу кезінде патрульдік полиция батальонының қызметкерлеріне бір топ оқушы жақындап, көшеден 300 мың теңгеге жуық ақшасы бар әмиян тауып алғанын айтқан. Балалар табылған қаражатты заңды иесіне қайтару мақсатында полицияға жүгінген.

Полицейлер жедел түрде әмиян иесін анықтап, жоғалған ақшаны иесіне табыстады.

«Адалдық жасқа қарамайды. Осындай кішкентай жүректерден бастау алатын үлкен жақсылық қоғамға ізгілік ұялатады. Ал адалдықты бәрінен биік қойған жас ұрпақтың әрбір өнегелі ісі – ел ертеңіне деген сенімнің жарқын көрінісі!», - дейді полиция өкілдері.