Header Banner

Қазақстан сиыр еті экспортын 34,4 пайызға арттырды

Қазақстан сиыр еті экспортын 34,4 пайызға арттырды
Фото: АШМ

Қазақстан сиыр етінің экспорт көлемін ұлғайтып, биыл 43 мың тоннаға жеткізді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 34,4 пайызға жоғары. Ал қой етінің экспорт көлемі 30 мың тоннаға жетті, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2026–2030 жылдарға арналған мал шаруашылығын дамыту жөніндегі кешенді жоспар әзірленді. Құжат аясында еттің барлық түрі бойынша өндіріс көлемін 1,2 миллион тоннадан 1,8 миллион тоннаға дейін, ал ауыл шаруашылығы құрылымдарындағы сүт өндірісін 1,4 миллион тоннадан 2,1 миллион тоннаға дейін арттыру көзделген.

Өнімділік көрсеткіші бойынша да нақты межелер белгіленді. Қазіргі таңда әрбір 100 сиырға орта есеппен 64 бұзау ереді. Бұл көрсеткішті кемінде 80-ге жеткізу қажет. Ірі қара малдың тәуліктік орташа салмақ қосуын 600–800 грамнан 1,5–1,8 келіге дейін арттыру жоспарланып отыр. Ал заманауи сүт фермаларында әр сиырдан жылына алынатын сүт көлемін 10 мың литрге жеткізу көзделген», – деді Айдарбек Сапаров.

Айта кетейік, Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесін өзге өңірлерге тарату бағдарламасы аясында 2023 жылдан бері 102 тауарлы-сүт фермасының жобасы қаржыландырылған. Бүгінде оның 71-і пайдалануға берілді.

Еске салсақ, өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты 1 млрд долларға жуықтады