Ішкі істер министрлігі криминалдық полиция департаментінің қызметкерлері халықаралық іздеуде жүрген 40 жастағы ер адам мен оның 45 жастағы жұбайын Жамбыл облысының аумағында құрықтады, деп хабарлайды Elordainfo.kz polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Күдіктілер сенімге кіре отырып, түрлі сылтаумен Астана және Семей қалалары тұрғындарының шамамен 200 млн теңге көлеміндегі қаражатын иемденген.
«Жедел іздестіру іс-шаралары барысында іздеуде жүргендердің ұзақ уақыт бойы Жамбыл облысындағы елді мекендердің бірінде таныстарының үйінде жасырынғаны анықталды.
Қазіргі уақытта ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды», - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, Астанада 23 жастағы тұрғын алаяқтық және жалған ақпарат тарату күдігімен ұсталды.