Ертең күн жартылай тұтылады


Осы аптада, сенбіде Еуропаның, сондай-ақ Батыс Африканың, солтүстік Азияның, АҚШ-тың солтүстік-шығысы мен Канаданың шығысының тұрғындары күннің жартылай тұтылуын көре алады, деп хабарлады Elordainfo.kz Euronews-ке сілтеме жасап.
Күннің жартылай тұтылуы кезінде не болады?
Күннің жартылай тұтылу кезеңінде айдың көлеңкесі күнді жартылай ғана жауып тастайды, осылайша жарты айға ұқсайды.
«Тұтылу - бұл күн, ай және жердің жарық пен көлеңке ойыны», - деп түсіндіреді Монреалдағы аланетарийден Адриан Эгал.
НАСА мәліметінше, күн мен айдың тұтылуы жылына 4-7 рет болады. Айдың Жерге қарай орбитасының қисаюына байланысты бұл табиғи құбылыстар әдетте жұппен жүреді. Мысалы, наурыздың ортасында айдың толық тұтылуы айды қызыл түске бояды.
Оны Еуропада қашан көруге болады?
Американың көп бөлігінде күн тұтылу таң атқанда болады. Батыс Еуропа мен Африкада - таңертең, ал Шығыс Еуропа мен Солтүстік Азияда - түстен кейін.
Тұтылу кезінде күн баяу жарты айға дейін өзгереді. Оның жарығы «сөнеді».
«Бұл әсіресе бұлтты күн сияқты болады», - деді Еуропалық Оңтүстік обсерваторияның қызметкері Хуан Карлос Муньос-Матеос.
Бұл көріністі қалай тамашалауға болады?
Бұл құбылысты байқау үшін күннен қорғайтын көзілдірік кию керек.
Ниет білдірушілер импровизацияланған материалдардан тесіктері бар қарапайым проектор жасай алады немесе жоғары көтерілген дуршлагты қолдана алады.
Айдың тағы бір толық тұтылуын және күннің жартылай тұтылуын қыркүйекте көруге болады.