Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақ пен оқ-дәрілер табылды

Бүгін, 13:54
Айман Нығмет Айман Нығмет
views40
Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақ пен оқ-дәрілер табылды
фото: ҰҚК

Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2025 жылғы тамыздан бастап полиция органдарымен бірлесіп, прокуратураның үйлестіруімен Астана, Шымкент қалаларында, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарында заңсыз айналымдағы, оның ішінде «Қаңтар оқиғалары» кезінде ұрланған қаруды іздеу және алып қою бойынша бірқатар жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді, деп хабарлады Elordainfo.kz комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«12 Калашников автоматы, 6 тапанша, 15 мылтық, 3 граната және 500 бірліктен астам оқ-дәрі алып қойылды. Көрсетілген фактілер бойынша жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде»,- делінген ҰҚК хабарламасында.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін Ұлттық қауіпсіздік комитеті қару мен оқ-дәрілердің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл бойынша жүйелі шаралар қабылдауда.