00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Биыл азаматтық қызметшілердің жалақысы 2 есе өседі

Биыл азаматтық қызметшілердің жалақысы 2 есе өседі
Фото: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен

2025 жылы азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысы 20%-ға өседі, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмасын орындау мақсатында биыл азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысын орташа есеппен 20%-ға кезең-кезеңімен арттыру жалғастырылады.

«Жалақыны көтеру бухгалтерлер, экономистер, заңгерлер, мұрағатшылар, кітапханашылар, мұражайтанушылар, орманшылар, техникалық персонал және тағы басқа мамандықтар бойынша жұмыс істейтін 600 мыңға жуық азаматтық қызметшіге әсер етеді», - делінген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпаратында.

Осылайша, 2022-2025 жылдар аралығында азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысы 2 есеге ұлғаяды.