Трамп Сирияға салған санкцияларын алып тастады

Трамп Сирияға салған санкцияларын алып тастады
Фото: Saudi Royal Court/Anadolu

АҚШ президенті Дональд Трамп Сирияға салған экономикалық санкцияларды алып тастау туралы жарлыққа қол қойды. Ақ үй бұл шешімді Сирияда тұрақтылық пен бейбітшілікті орнатуға бағытталған қадам деп сипаттады, деп хабарлайды Elordainfo.kz ВВС-ге сілтеме жасап.

Жарлықта АҚШ-тың аймақтағы тұрақтылық пен бейбітшілікке бейілділігі атап өтілген.

«Біртұтас және қауіпсіз Сирия террорлық ұйымдарға пана бермей, діни және этникалық аз топтарды қорғауы тиіс. Мұндай Сирия аймақтың қауіпсіздігі мен дамуына үлес қосады», – делінген құжатта.

Дегенмен Башар Асадқа, оның отбасына және бұрынғы режимді қолдаушыларға қарсы санкциялар өз күшінде қалады. Сирияның сыртқы істер министрі Асаад әл-Шибани санкцияларды алып тастау экономикалық дамуға мүмкіндік беретініне сенім білдірді.