АҚШ-та жолаушылар мінген тікұшақ апатқа ұшырады

Америкада 6 қыркүйекте Миннесота штаты Лейквилл қаласының шетіндегі шағын Эйрлейк әуежайының маңында тікұшақ құлап, өртеніп кетті. Әуе кемесінде қанша жолаушы болғаны туралы ақпарат жоқ, деп хабарлады Elordainfo.kz Fox News телеарнасына сілтеме жасап.
Полиция офицерлер құлаған Robinson R66 тікұшағын жергілікті уақыт бойынша сағат 14:45 шамасында тапқанын мәлімдеді.
Тікұшақ белгісіз жағдайда құлап, содан кейін өртке оранды, – деп мәлімдеді АҚШ-тың Көлік қауіпсіздігі жөніндегі ұлттық кеңесі.
Бортта қанша адам болғаны әзірге белгісіз. Бірақ жергілікті билік тікұшақтағы адамдардың ешбірі аман қалмағанын жеткізді.
Оқиғаны NTSB мен FAA бірлесіп тергеп жатыр.
Лейквилл қаласы Миннеаполистен оңтүстікке қарай шамамен 30 шақырым, ал Сент-Полдан оңтүстікке қарай 40 шақырым жерде орналасқан.
Robinson R66 – бір қозғалтқышты, бес орындық, әйнек кабинасы бар тікұшақ.