«Біздің азаматтарымыз жоқ»: министрлік Непалдағы жаппай көтеріліске қатысты түсініктеме берді

Бүгін, 10:52
Айман Нығмет Айман Нығмет
views80
«Біздің азаматтарымыз жоқ»: министрлік Непалдағы жаппай көтеріліске қатысты түсініктеме берді
фото: Сыртқы істер министрлігі

Өткен аптада Непалда ірі әлеуметтік желілер бұғатталып, халық жаппай көтеріліске шықты. Бүгінде елде жағдай шиеленісіп отыр. Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Қазақстанның Үндістандағы елшілігі тұрақты байланыста екенін айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Непалда біздің елшілігіміз жоқ. Бірақ біз Қазақстанның Үндістандағы елшілігімен тұрақты байланыста отырмыз. Ол жақтағы елшіліктің басты  мақсаты - біздің азаматтарымыздың құқықтарын қорғау. Непалда тіркелген біздің азаматтарымыз жоқ»,- деп жауап берді Әлібек Бақаев.

India Today порталы таратқан ақпаратқа сәйкес, Непалда әлеуметтік желілерге қатысты шектеу алынып тасталғанымен, наразылық білдірушілер премьер-министр Шарма Олидің резиденциясын өртеп жіберді.