Қазақтың бұған дейінгі көрген қасіреттері мен қайғысы қасиетті қастерге айналсын - Дәулеткерей Кәпұлы
Айтыс ақыны, қаламгер Дәулеткерей Кәпұлы барлық отандастарымызды Республика күнімен құттықтады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«25 қазан қазақ елі үшін ең бір ұлық, қастерлі де қасиетті мереке. Егемендігіміздің декларациясының 35 жылдығы да дәл осы күнмен сәйкес келіп отыр. Біздің қазақ не көрмеген халық, бірақ соның барлығын жеңіп, тарихта шегіністер мен жеңілістердің тұғырға тәуелсіздік болып көтеріліп, көк байрағымыздың көк аспанда желбіреуінің өзі - тәуба қылатын дүниеміз. Сондықтан елдің ұлық мерекеміз құтты болсын. Ел басқарған азаматтарға елдің атынан саулық, әділдік, елге жанашырлық тілейміз. Қазақтың бұған дейінгі көрген қасіреттері, қайғысы, мұң-зары, зобалаңының барлығы да қасиетті қастерге айналсын. Мереке құтты болсын!», - деді ол.
