00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Әлемде ковидтің жаңа түрі тарап жатыр

Әлемде ковидтің жаңа түрі тарап жатыр
фото: freepik.com

Ғалымдар ХЕС деп аталатын ковидтің жаңа түрі бүкіл әлемге таралып жатқанын ескертеді. Жақында ол коронавирустың негізгі түріне айналуы мүмкін деген болжам бар, деп хабарлады Elordainfo.kz 

BBС жазуынша, коронавирустың жаңа түрі маусымда Германияда тіркелген.

«Ковидтің бұл түрі алғаш рет Германияда осы жылдың маусым айында табылды. Кейін Ұлыбританияда, АҚШ-та, Данияда және басқа да бірнеше елде тіркелді»,- деп жазды Scripps Research институтының директоры, америкалық ғалым Эрик Топол X парақшасында.

Америкалық ғалымның айтуынша, XEC-тің таралуы енді ғана басталып жатыр.

«Бірнеше апта мен бір-екі ай өткен соң сырқаттың жаңа толқыны туады. Мутацияланған ХЕС өткен ковид вирусына қарағанда тезірек тарайды»,- дейді ғалым.

Ұлыбритания ғалымы Франсуа Балудың сөзінше, алдағы қыста ХЕС коронавирустың негізгі түріне айналуы мүмкін.