Референдум-2026

Астанада құрылыс компаниясының менеджері 13 млн теңгенің кабелін ұрлаған

Астанада құрылыс компаниясының менеджері  13 млн теңгенің кабелін ұрлаған
Фото: Астана қаласы Полиция департаменті

Астана қаласы Нұра ауданының полиция қызметкерлері құрылыс нысанынан ірі көлемде құрылыс материалдарын ұрлаған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Elordainfo.kz қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Тергеу барысында, күдікті құрылыс компаниясында менеджер болып жұмыс істегені анықталды. Ол қызметтік міндетін атқара отырып, нысан аумағына кедергісіз кіру мүмкіндігін пайдаланған. Белгілі болғандай, күдікті бірнеше мәрте ұзындығы шамамен 50 метр болатын электр кабелін жасырын түрде алып шығып отырған. Кейін ұрланған құрылыс материалдарын сатып, пайда тапқан. Келтірілген материалдық шығын көлемі шамамен 13 миллион теңге.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктінің осыған ұқсас тағы 5 эпизодқа қатысы бары анықталды. Күдікті өз кінәсін толық мойындады.

Полиция департаменті құрылыс компаниялары мен кәсіпкерлерге қауіпсіздік шараларын күшейтуді ұсынады. Құрылыс нысандарында бейнебақылау орнату, материалдардың кірісі мен шығысына тұрақты бақылау, қойма аумақтарына күзет қою және қызметкерлердің жауапкершілігін күшейту маңызды.