Астана қаласының Есіл ауданындағы Сығанақ көшесінде LRT жолдарындағы электр кабельдері жанды, деп хабарлайды Elordainfo.kz ТЖМ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«LRT мамандары электр желісін кернеуден ажыратқаннан кейін, ТЖМ қызметкерлері Vario Carbon автономды ранц сөндіргішінің көмегімен өртті сөндірді», делінген хабарламада.
Еске сала кетсек, Астана мәслихаты LRT-ға «Тарлан Астана» атауын беруді қолдады.