Референдум-2026

Жаңа Конституция күшіне енген күні Қазақстанда 857 сәби дүниеге келді

Жаңа Конституция күшіне енген күні Қазақстанда 857 сәби дүниеге келді
Коллаж: Денсаулық сақтау министрлігі

1 шілдеде, Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы күшіне енген күні елде 857 сәби өмірге келді, деп хабарлайды Elordainfo.kz ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, дүниеге келген нәрестелердің 435-і – ұл, 422-сі – қыз. Сонымен қатар Атырау және Алматы облыстарында екі егіз дүниеге келген.

Министрлік бұл күннің жүздеген отбасы үшін ел тарихындағы ғана емес, өз әулеттерінің де ерекше күніне айналғанын атап өтті.

«Әрбір жаңа өмір – елдің жарқын болашағына бастар маңызды қадам. Жаңа Конституция күшіне енген тарихи күні 857 кішкентай қазақстандықтың дүниеге келуі – мемлекеттің конституциялық дамуының жаңа кезеңімен үндескен айрықша оқиға», – делінген хабарламада.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі сәбилердің ата-аналарын қуанышты оқиғамен құттықтап, нәрестелерге зор денсаулық, бақытты балалық шақ және амандық тіледі.

Бұған дейін Астанада жаңа Конституцияның қоғам мен мемлекет дамуына әсері талқыланғанын жазғанбыз.