Астанада 110 мыңнан астам зейнеткерге біржолғы төлем беріледі

25 қыркүйек, 2026
Думан Аманжол Думан Аманжол
Астанада 110 мыңнан астам зейнеткерге біржолғы төлем беріледі
Фото: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен

Астанада 1 қазанда атап өтілетін Қарттар күніне орай зейнеткерлерге біржолғы әлеуметтік төлем беріледі, деп хабарлайды Elordainfo.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Әкімдіктің мәліметінше, Астана қаласының жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарына әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және алушылар санатын айқындау қағидаларына сәйкес, елордада тіркелген жасы бойынша зейнеткерлерге, сондай-ақ зейнетақының ең төмен мөлшерін алатын зейнет жасындағы азаматтарға 2,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы ақшалай төлем қарастырылған.

«Астана қаласы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ ұсынған тізімге сәйкес, әлеуметтік көмек 110 мыңнан астам жасы бойынша зейнеткерді қамтиды», - деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

Еске салсақ, Астанада 130 зейнеткер скандинавиялық жүрістен эстафетаға қатысты.