Маңғыстауда қаза тапқан әскери қызметшілердің аты-жөндері белгілі болды
Қорғаныс министрлігі 24 қыркүйек күні оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің тізімін жариялады, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Қаза болған әскери қызметшілердің саны 12-ге жетті, екеуі іздестіріліп жатыр.
Маңғыстау облысында оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің аты-жөндері:
Аға лейтенант Олжас Мұхтарұлы;
м/қ матрос Сержан Талғатұлы Аяпберген;
м/қ матрос Өмірбек Өмірболатұлы Өмірзақ;
м/қ матрос Алмас Жүсіпұлы Көбенов;
м/қ матрос Ақылбек Қабденұлы Төлеген;
м/қ матрос Жеңіс Тілеуұлы Темірғалиев;
м/қ матрос Мейрамбек Ермұханұлы Бердіханов;
м/қ матрос Әсет Саматұлы Жаңабай;
м/қ матрос Азамат Болатбекұлы Мәдіхан;
м/қ матрос Дастан Нұрболұлы Бегей;
м/қ матрос Ақжайық Болатбекұлы Гилаж;
м/қ матрос Олжас Тәжібайұлы Диханбаев.

«Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі және Қарулы күштердің жеке құрамы Маңғыстау облысында оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады», — делінген хабарламада.
Еске салайық, бүгін Каспийдегі әскери оқу-жаттығу кезінде 9 әскери қызметші қаза тапқанын хабарлағанбыз. Үш әскери қызметші құтқарылды. Олардың біреуі ауруханаға жатқызылды. Қалғандарын іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.