Елімізде таеквондодан «Мұстафа Өзтүрік жүлдесі» марапаты тағайындалды

Фото: olympic.kz
1 ақпанда Астанада Қазақстан таеквондо федерациясының ұйымдастыруымен «Мұстафа Өзтүрік жүлдесі» марапатын табыстау салтанаты өтеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Іс-шара барысында өткен жылды қорытындылап, 2024 жылы жоғары жетістіктерге жеткен және бұл спорт түрінің дамуына айтарлықтай үлес қосқан спортшылар, бапкерлер мен төрешілер марапатталады.
«Мұстафа Өзтүрік жүлдесі» жыл сайын берілетін марапатқа айналады. Ол тек қазақстандық таеквондоның үздік өкілдерінің жетістіктерін атап қана қоймай, елімізде бұл спорттың дамуына үлкен үлес қосқан ұлы шебердің есімін мәңгі есте сақтауға мүмкіндік береді.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 14:58
Геннадий Головкин әлем чемпионы Айдос Сұлтанғалимен кездесті

Бүгін, 08:53
Қазақстан құрамасы сырт алаңда Солтүстік Македониямен тең ойнады

13 қазан, 2025
Қазақстан семсерлесуден «Мықтылар турнирінде» үш алтын медаль жеңіп алды

13 қазан, 2025
«Қайрат» - «Пафос» матчына билеттер сатыла бастады