Астанада жылдам шахматтан ASTRA TEAM CUP турнирі өтеді

Фото: Оңалхан Өнерхан
Астанада 21 наурыз күні жылдам шахматтан ASTRA TEAM CUP беделді командалық турнирі өтеді, деп хабарлады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Жарысқа Қазақстанның түкпір-түкпірінен мықты шахматшылар бас қосатын 26 команда қатысады.
Турнирдің жалпы жүлде қоры 14 миллион теңгені құрайды. Әр командада төрт ойыншы болуы керек: үш ер адам және бір әйел адам.
Турнирді ASTANA орталық шахмат клубы ұйымдастырады.
Айта кетейік, турнир 21 наурыз күні сағат 14:00-де ASTANA орталық шахмат клубының бас кеңсесінде (Тараз көшесі, 2) басталады. Іс-шарада салтанатты ашылу, шақырылған әртістердің қойылымдары және сиқыршылар шоуы болады.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 14:58
Геннадий Головкин әлем чемпионы Айдос Сұлтанғалимен кездесті

Бүгін, 08:53
Қазақстан құрамасы сырт алаңда Солтүстік Македониямен тең ойнады

13 қазан, 2025
Қазақстан семсерлесуден «Мықтылар турнирінде» үш алтын медаль жеңіп алды

13 қазан, 2025
«Қайрат» - «Пафос» матчына билеттер сатыла бастады