«Қайда қарап жүрсіздер?»: Мақпал Жүнісова әкімдікке үндеу жасады

7 сәуір, 2025
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
«Қайда қарап жүрсіздер?»: Мақпал Жүнісова әкімдікке үндеу жасады
Фото: instagram.com/zhunusova.makpal

Танымал әнші Мақпал Жүнісова Жаркентке кетіп бара жатқан жолда Шелек ауылына тоқтап, өңірдің тыныс-тіршілігін баяндап берді, деп хабарлады Elordainfo.kz

Өнер иесі ауданнан бір асхана немесе дәретхана таппағанына ашуланды. 

«Жаркентке жолға шыққан едім. Қарнымыз ашқасын жолшыбай кафеге кіргіміз келді. Бір жерде дәретхана жоқ. Оның өзі далада, түрінен шошисың. Әкімдіктері жабық тұр. Ғимараттың алды ғана тазаланған. Дәретханасы болса, кіріп шығайық деп ойлағанбыз. Бірақ тарс жабық. Ауыл басшылары қайда қарап жүрсіздер?! Мен Шелекке барған жоқпын. Тек жолдың бойында болғасын тоқтап, асхана мен дәретхана іздедік», - деп жазды әнші. 

Сондай-ақ өнер иесі ауылдағы бірнеше үйдің сатылымға шығарылғанын айтты. 

«Жастар ауылдан осындай жағдайға шыдамағасын кетеді. Өтіп бара жатқанда 5-6 үйдің сатылатынын оқыдық. Өте қиын жағдай. Халық ауылдан көшсе, ауыл жабылады», - деді халық әртісі.