70 тұлғаға несие рәсімдеген микроқаржы ұйымы тергеуге алынды
Батыс Қазақстан облысында ақпараттық жүйелерді пайдалану арқылы онлайн-несие саласында қылмыстық істер тергелуде, деп хабарлайды Elordainfo.kz Батыс Қазақстан облысы прокуратурасына сілтеме жасап.
2026 жылғы 4 ақпанда белгісіз тұлға микроқаржы ұйымы арқылы Қазақстан Республикасының азаматының атына заңсыз несие рәсімдеген.
Жәбірленуші онлайн-несие алуға биометриялық деректер ұсынбағаны анықталды, ал оның орнына алаяқтық жолмен үшінші тұлғаның мәліметтері қолданылған.
Сол сияқты белгісіз тұлғалар өзге микроқаржы ұйымы арқылы еліміздің азаматына заңсыз несие рәсімдеп, қаражатты дропперлердің шоттары арқылы басқа тұлғаға аударған.
Микроқаржы ұйымының көмегімен жасалған қылмыстан 70 азамат зардап шеккен.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Осы орайда прокуратура азаматтарды өз жеке деректерін құпия сақтау қажеттігін ескертеді.
Еске салайық, бұдан бұрын Жамбыл облысында сот басқа біреудің несиесін төлеуге мәжбүр болған ер адамның құқын қорғағаны туралы жаздық.