Жамбыл облысында сот басқа біреудің несиесін төлеуге мәжбүр болған ер адамның құқын қорғады

Бүгін, 14:42
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Жамбыл облысында сот басқа біреудің несиесін төлеуге мәжбүр болған ер адамның құқын қорғады
Фото: https://t.me/astanasottary

Шу аудандық соты ақшаны өндіріп алу туралы талап қою бойынша азаматтық істі қарады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Жамбыл облыстық сотына сілтеме жасап. 

Сот жауапкер мен микроқаржы ұйымы арасында қарыз шарты жасалғанын анықтады. Талап қоюшы – азамат К. жауапкердің міндеттемелері бойынша кепілгер болды.

Жауапкердің қарызды қайтару жөніндегі міндеттемелерін тиісінше орындамауына байланысты талап қоюшы қаржы ұйымы алдындағы берешекті өз қаражаты есебінен өтеуге мәжбүр болды.

К. сотқа жүгіне отырып, жауапкерден несие үшін төленген барлық соманы өндіріп алуды сұрады. Растау үшін төлем құжаты да ұсынылды. 
Сотта талап қоюшының несие берушіге қарызын төлеу фактісін растайтын дәлелдемелер зерттелді. Сот шешімімен жауапкерден талап қоюшының пайдасына 569 мың теңге және мемлекеттік баж өндірілді.

Шешім заңды күшіне енді.