Елордалық прокуратура құрылыс қалдықтарын рұқсатсыз тастағандарды анықтады
«Заң мен тәртіп» идеологиясы мен «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасын іске асыру аясында Астана қаласының прокуратурасы Нұра ауданы аумағында қалдықты заңсыз тастау фактісін анықтауға әрі жолын кесуге бағытталған рейд өткізді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Астана қаласы прокуратурасына сілтеме жасап.
Полиция органдарымен бірлескен жұмыс барысында құрылыс қалдықтарын рұқсатсыз тастау фактісі анықталды. Жүргізілген іс-шаралардың нәтижесінде құқық бұзушылыққа жол берген тұлға анықталып, қажетті материалдар жиналып, кінәлі тұлғаны әкімшілік жауаптылыққа тарту мәселесін қарау үшін Экология департаментіне жолданды.
Экологиялық құқық бұзушылықты анықтау және оның жолын кесу бойынша жұмыс прокуратура органдары мен уәкілетті мемлекеттік органдардың тұрақты бақылауында.
Прокуратура қалдықтарды заңсыз тастаудың қоршаған ортаға зиян келтіретінін, экологиялық заңнама талаптарын бұзатынын және Қазақстан заңдарында көзделген жауаптылыққа әкеп соғатынын еске салады.
Тазалықты сақтау және қоршаған ортаға ұқыпты қарау – әрбір азаматтың міндеті.