«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында Астана қаласы прокуратурасының қызметкерлері кәсіпорын қызметкерлерінің құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында «Kazakhstan Paramount Engineering» ЖШС ұжымымен кездесу өткізді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Астана қаласының прокуратурасына сілтеме жасап.
Кездесу барысында еңбек заңнамасының нормалары, қылмыстық заңнамадағы өзекті өзгерістер түсіндіріліп, құқық бұзушылықтардың алдын алу және заң талаптарын сақтау мәселелері талқыланды.
Құқықтық мәдениетті қалыптастыруға, заңға бағынушылық қағидаттарын нығайтуға және кең таралған құқық бұзушылықтардың алдын алуға ерекше назар аударылды.
Астана қаласының прокуратурасы заңдылықты нығайтуға, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға және құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған жұмысты жалғастырады.
Астана прокуратурасы инновациялық кәсіпорын ұжымына еңбек заңнамасындағы өзгерісті түсіндірді
23 маусым, 2026
Астана қалалық прокуратурасы видеосының скрині
Ұқсас жаңалықтар
2 қазан, 2026
Әлеуметтік желіде заңсыз құмар ойын ұйымдастырған ер адам 4 жылға сотталды
2 қазан, 2026
Ұстаздар күні қарсаңында алаяқтықтың жаңа схемасы пайда болды
2 қазан, 2026
Астанада той кортежінде жол ережесін бұзған жолаушылар 10 тәулікке қамалды – ВИДЕО
1 қазан, 2026
Астанада коммуналдық жұмыстарды жүргізу кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтау ескертілді