Ел дамуы сіздердің қызметтеріңізге тікелей байланысты - Қошанов мемлекеттік қызметшілерді құттықтады

Бүгін, 10:24
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Ел дамуы сіздердің қызметтеріңізге тікелей байланысты - Қошанов мемлекеттік қызметшілерді құттықтады
Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Құрметті әріптестер! 

Сіздерді кәсіби мереке – Мемлекеттік қызметші күнімен құттықтаймын! 

Мемлекеттік қызмет – өте жауапты әрі абыройлы іс. 
Сіздер ел мәртебесін биіктетуге аянбай атсалысып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ауқымды саяси реформаларын табысты жүзеге асыруға елеулі үлес қосып келесіздер.

Жуырда ғана Президентіміз «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі туралы» заңға қол қойды. 
Онда мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру, салаға білікті мамандарды тарту, кадрлардың  мүлтіксіз қызмет атқаруына жағдай жасау, олардың әлеуметтік кепілдіктерін нығайту сынды мәселелерді шешу жолдары жан-жақты қамтылды.

Еліміздің дамуы, халқымыздың әл-ауқатының артуы сіздердің қызметтеріңізге тікелей байланысты. 

Осындай жауапты әрі мәртебелі міндетті атқару жолында баршаңызға сарқылмас күш-қайрат, отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін! 

Бастамаларыңыз табысты, еңбектеріңіз жемісті болсын! 

Еліміз өркендей берсін! - деп жазды ол. 

Еске салайық, бұған дейін Премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекесімен құттықтаған болатын.