Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасында бірқатар маңызды құжаттарға қол қойылды
Брюссельде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың, Еуропалық кеңес Президенті Антониу Коштаның және Еуропалық комиссия Президенті Урсула фон дер Ляйеннің қатысуымен бірқатар маңызды құжаттарға қол қою рәсімі өтті, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Тараптар Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Еуропалық Одақ арасындағы «Әуе тасымалының кейбір аспектілері туралы» келісімге;

«Air Astana» АҚ мен Airbus компаниясы арасында 50 әуе кемесіне дейін тапсырыс беруге;

Көлік саласында Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі мен Еуропалық қайта құру және даму банкі интеллектуалды көлік жүйесін енгізу және «Е-жолдары» цифрлық платформасын әзірлеуге грант бөлу жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы мен Еуропалық инвестициялық банк Транскаспий халықаралық көлік бағдарының құрамына кіретін жолдарды қалпына келтіру жобаларын қаржыландыру бойынша меморандум;

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен Еуропалық қайта құру және даму банкі арасында минералдар мен металдар саласындағы озық тәжірибелік орталық құруға арналған техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу жөніндегі өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға да қол қойды.
Еске салсақ, Мемлекет басшысы Еуропалық Кеңес Президенті Антониу Коштамен және Еуропалық Комиссия Президенті Урсула фон дер Ляйенмен келіссөздер жүргізді.