Мәулен Әшімбаев: Амал мерекесі – жаңару мен жаңғырудың жаршысы


Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Қазақстан халқын Амал мерекесімен құттықтады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Құрметті достар!
Баршаңызды Амал мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Амал – Әз-Наурыздың басы. Бұл күні ағайын-туыстың амандығын біліп, арнайы көрісу – халқымыздың ежелден қалыптасқан игі дәстүрі.
Қазіргі таңда осы бірегей құндылығымыз қайта жаңғырып, айтулы дата жалпыұлттық мейрамға айналды деуге толық негіз бар.
Соңғы жылдарда Мемлекет басшысының бастамасымен Наурыз мейрамының мазмұнын байытуға баса мән беріліп келеді. Соның аясында жарияланған «Наурызнама» онкүндігі дәл осы Амалдан бастау алады.
Сондықтан бүгінгі мерекені жаңару мен жаңғырудың жаршысы және бірлік пен берекенің негізі деп қабылдаймыз.
Баршаңызды құттықтай отырып, әр отбасына амандық тілеймін! Еліміздің ырысы еселеніп, ынтымағы нығая берсін!
Амал құтты болсын, ағайын! - деп жазды Мәулен Әшімбаев.



