Топ-5: биыл Қазақстанда ең көп неке қай өңірде тіркелді

Бүгін, 19:01
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
views33
Топ-5: биыл Қазақстанда ең көп неке қай өңірде тіркелді
Фото: freepik.com

«Азаматтарға арналған үкімет» биыл Қазақстанда ең көп неке тіркелген топ-5 өңірді атады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Мемлекеттік корпорацияның мәліметінше, биылғы жылдың тоғыз айында Қазақстанда шамамен 88 мың неке тіркелген.

Неке саны бойынша Алматы қаласы көш бастап тұр, осы кезеңде мұнда 14 254 жұп заңды некеге тұрған.

Екінші орында – Астана қаласы, елордада биыл 10 142 жұп заңды түрде некесін қидырған.

Үшінші орында – Түркістан облысы. Мұнда 6 687 неке тіркелген.

Ал топ-5-ті мына өңірлер түйіндеді: Шымкент (5 570 неке) және Қарағанды облысы (5 394 неке).

Айта кетелік, былтыр заңды неке тіркелген еді.