Футболдан Астанада өткен турнирде ұландық жауынгерлер екінші орын алды

Бүгін, 19:18
Кербез Әлішер Кербез Әлішер
views57
Футболдан Астанада өткен турнирде ұландық жауынгерлер екінші орын алды
Фото: Ұлттық ұланның баспасөз қызметінен

Ішкі істер министрлігі Ұлттық ұланы 5573 әскери бөлімінің құрамасы LLF-2025 күзгі чемпионатының Liga A кезеңінде үздік нәтиже көрсетіп, екінші орын иеленді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Гвардеец» атауымен өнер көрсеткен ұландық әскери қызметшілер турнир барысында әскери дағдыларды сенімді меңгергендігін, командада үйлесімді жұмысын көрсетті.

Тартысты матчтардың қорытындысы бойынша «Гвардеец» командасы футбол турнир кестесінің жоғарғы сатысына көтеріліп, Суперлигаға жолдама жеңіп жеңіп алды. Енді олар LLF лигасының ең мықты ұжымдарымен кездеспек.