ТЖМ өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға шақырады

Төтенше жағдайлар министрлігі үйіңізде өрттің шығуына жол бермеу үшін мынадай қарапайым өрт қауіпсіздігі шараларын сақтауды ұсынады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
- Өрт шыққан жағдайға жазбаша түрде эвакуациялау жоспарын құрып, оны барлық отбасы мүшелерімен талқылаңыз;
- кілттің құлыптаулы күйде есікте қалмай, өрт шыққан кезде эвакуациялау жағдайында үнемі қолыңызда болуы тиіс;
- дайындалып жатқан тамақ пен ашық отты, жанып тұрған майшамды ешқашан қараусыз қалдырмаңыз;
- төсекте ешқашан темекі шекпеңіз және спирт ішімдіктерін ішу кезінде темекі шегетін болсаңыз, мұқият болу керек;
- электр розеткаларына артық жүктеме келтірмеңіз, сондай-ақ өзіңіз пайдаланбайтын электр құралдарын өшіріп қойыңыз;
- сіріңкелер мен тұтандырғыштарды әрқашан балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз және оларға әрдайым мұның ойыншық емес екенін әрі оны тек ересектердің ғана қолдануына болатынын айту қажет;
- егер сіздің гаражыңыз не қораңыз болса, онда химикаттар мен отынды сақтау кезінде сақтық шараларын сақтауды ұмытпаңыздар;
- егер сіз орман не дала өртінің шығу қаупі бар елді мекенде тұратын болсаңыз, онда үйдің маңын жапырақ пен өзге де қоқыстан таза ұстаңыз.
Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі пайдалы кеңестер
- Өрттен болған түтінде бағдар алу қиын екенін әрі көру мүмкіндігі нашарлайтынын есте сақтаңыз;
- ұйқы кезінде сіз түтін иісін сезбейсіз, өйткені түтін әсерінен қатты ұйықтайтын боласыз;
- егер сіз жанып жатқан үйден шығып кете алсаңыз, онда сыртта тұрып, дереу «101» нөміріне хабарлаңыз;
- жанғыш сұйықтықпен, газбен немесе ағашпен жұмыс істейтін жылу беру жабдығына жыл сайын техникалық қызмет көрсету қажет;
- электр сақтандырғыштарды тек көрсетілген қуатта ғана қолданып, авариялық ажыратқышты қосыңыз;
- өрт қауіпсіздігі шаралары барлық отбасы мүшелері үшін маңызды, әрі тиісті дайындығыңыз болса, трагедияның алдын алуға болады;
- аумақта алау, қоқыс жағуға, отшашу мен өзге де ашық от көздерін пайдалануға жол бермеңіз;
- үйдегі өрт туралы дер кезінде хабарлау үшін өрт хабарлағыштарын орнатуға болады.



