Президент Рим Папасы Францисктің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты
21 сәуір, 2025
фото: Akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Рим Папасы Францисктің қайтыс болғаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Президенттің айтуынша, Понтифик әділет пен мейірімнің, гуманизмнің ізгі мұраттарын ілгерілетуге өлшеусіз үлес қосқан аса көрнекті рухани тұлға еді.
«Мен Рим Папасымен кездесулерімді және оның 2022 жылы Қазақстанға жасаған діни төзімділіктің, бейбітшілік пен өзара түсіністіктің символына айналған Апостолдық тарихи сапарын ыстық ықыласпен еске аламын. Рим Папасы Францисктің есімі әлем жұртшылығының есінде әрқашан бейбітшіліктің ұлы жақтаушысы және конфессияаралық диалог пен келісімнің қорғаушысы ретінде мәңгі сақталады», – деп жазды Президент Х әлеуметтік желісіндегі өзінің парақшасында.
Ұқсас жаңалықтар
26 маусым, 2026
Мемлекет басшысы Венесуэла Президентінің міндетін атқарушы Делси Родригеске көңіл айту жеделхатын жолдады
25 маусым, 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Наташа Пирц-Мусарды Словенияның Мемлекеттілік күнімен құттықтады
24 маусым, 2026
Тоқаев: Қазақстан маңызды минералдарды игеруде Еуропаға сенімді серіктес болуға дайын
24 маусым, 2026
Қазақстанның транзиттік әлеуетін нығайтуға бағытталған бірқатар келісімге қол қойылды