ҚМА Matic Basket қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты

Бүгін, 13:49
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
ҚМА Matic Basket қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты
Фото: ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі

Ұйымдастырушылар өздерін YouTube, WhatsApp және Telegram әлеуметтік желілері арқылы жарнамалап, азаматтарды Matic Basket жобасына ақша салуға шақырған. Олар криптовалюта биржасында майнинг пен трейдинг арқылы жоғары пайда уәде еткен, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Салымшылардың салған ақшалары 5 000 теңгеден 1 100 АҚШ долларына дейін жеткен. Алайда салымшыларға ақша салғанын растайтын ешқандай құжат берілмеген, әрі олармен келісімшарт немесе ресми келісімдер жасалмаған.

Жаңа қатысушыны тартқан жағдайда әрбір қаржылық операциядан 10% көлемінде кіріс түсетіні айтылған.

Нәтижесінде қаржы пирамидасына Қазақстан мен ТМД елдерінің 1900-ден астам азаматы тартылып, жалпы сомасы 80 млн теңгеден астам қаражат салынған.

Күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы ретінде елден шығуға тыйым салынды.

Тергеу амалдары жалғасып жатыр.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды.