Ұлытау облысында қаза тапқан кеншілердің фотосы жарияланды

18 ақпан, 2025
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Ұлытау облысында қаза тапқан кеншілердің фотосы жарияланды
Фото: видеодан скрин

Ұлытау облысында қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқан кеншілердің фотосы жарияланды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

17 ақпанда Ұлытау облысының Жаңаарқа ауданындағы «Жомарт» шахтасында, «Қазақмыс» корпорациясына тиесілі шахтада тау сілемінің құлауы салдарынан жеті кенші қаза тапты. 

Қаза тапқандардың тізімі:

Қайрат Аманбекұлы Ақшалов, 50 жас, насос қондырғыларының машинисі;

Ардақ Боранбайұлы Жақубаев 27 жас, жер асты учаскесінің тау-кен шебері;

Бақытбек Нышанұлы Жұмадуллаев, 50 жас, жер асты кеншісі;

Орынбек Әмірханұлы Кенжебеков, 34 жас, тиеу-тасымалдау машинасының машинисі;

Ғалымжан Есенбекұлы Молдабеков, 47 жас, бұрғылау көмекшісі;

Олжас Жағалбайұлы Нұрұлдаев, 46 жас, жер асты учаскесінің энергетигі;

Рожков Константин Владимирович, 33 жас, жер асты тау-кен жабдықтарын электрмонтаждаушы. 

Айта кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы кеншілердің қаза табуына байланысты көңіл айтқан болатын. Сондай-ақ шахтадағы апаттың себептерін анықтау үшін арнайы үкіметтік комиссия құрылды. «Қазақмыс» корпорациясы қаза тапқандардың отбасыларына көмек көрсетеді.