Президент кеншілердің қаза табуына байланысты көңіл айтты
18 ақпан, 2025
Фото: akorda.kz
Мемлекет басшысы Ұлытау облысында кеншілердің қаза табуына байланысты көңіл айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақмыс» корпорациясының Ұлытау облысындағы кенішінде тау массасының құлауы салдарынан қаза болған жұмысшылардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады. Мемлекет басшысы Үкіметке төтенше жағдайдың мән-жайын мұқият тексеру жөнінде міндет жүктеді. Салалық ведомстволар мен өңір әкімдігіне марқұмдардың отбасыларына барлық қажетті көмек көрсету туралы тапсырма берілді.
Ұқсас жаңалықтар
18 қыркүйек, 2026
Қазақстан мен Бавария Орта дәлізді дамыту мәселесін талқылады
18 қыркүйек, 2026
Қазақстан мен Жапония жасыл жобаларды қаржыландыруды талқылады
17 қыркүйек, 2026
Президент Үндістан Премьер-министріне жеделхат жолдады
17 қыркүйек, 2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен форумда шекара қауіпсіздігі мәселесін көтерді