Компания қаза тапқандардың отбасыларына көмек көрсетеді


Қазақмыс ұжымдық келісімшартта көзделгендей, «Жомарт» кенішінде қаза тапқандардың отбасыларына барлық қажетті көмекті көрсетеді, деп хабарлады Elordainfo.kz Kazakhmys-қа сілтеме жасап.
«Әлеуметтік және материалдық қолдау мақсатында, соның ішінде моральдық зиянды өтеу үшін, қаза тапқандардың отбасыларына жұмыскердің орташа жылдық жалақысының 10 еселенген мөлшері және 2 миллион теңгеден астам жерлеу рәсімдерін ұйымдастыруға төленеді», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ асыраушысынан айырылу жағдайына ай сайынғы төлемдер, балалардың оқу ақысын төлеу, қаза тапқан жұмысшылардың несие және қарыздарын жабу, сондай-ақ отбасы мүшелерінің өтініші бойынша басқа да көмек түрлері қарастырылған.
«Қазақмыс» басшылығы мен ұжымы қаза тапқандардың отбасылары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.



