Күйеуі соққыға жыққан әйел Мемлекет басшысының атына әділдік сұрап үндеу жолдады


Олеся есімді отандасымыздың үндеуі адвокат Гүлмира Кажиеваның Instagram парақшасында жарияланды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Оның айтуынша, күйеуі аяусыз соққыға жыққан оқиғадан кейін ол фото-видео дәлелдерімен полицияға жүгінген. Алайда сот жәбірлеушіге ақтау үкімін шығарған. Әйел бұл шешіммен келіспейді.
«Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы! Сізге Қазақстан халқының кепілі ретінде жүгінемін. Менің атым Олеся. Желтоқсан айында күйеуім мені соққыға жықты. Бірнеше күннен кейін қашып кетуге мүмкіндік туды. Содан кейін мен полицияға хабарласып, өтініш жаздым. Іс жарты жылға жуық уақытқа созылды. Ал сот процессуальдық бұзушылықтарға байланысты ақтау үкімін шығарды. Бірақ бұл - менің кінәм емес. Егер адам өлтірілсе де, оны процессуалдық бұзушылықтар үшін ақтауға бола ма? Сіздің Жарлығыңызда да ұрып-соғып, қорлық пен зорлық көрсететін адамдарға рақымшылық жасауға тыйым салынғаны айтылады. Ал медициналық сараптама, ұрып-соғу және өлтіру қаупі көрсетілген фотосуреттер мен бейнежазбалар сияқты дәлелдемелер бола тұра Павлодар облысы соты осындай үкім шығарып отыр. Егер маған бірдеңе болса, кім кінәлі болуы мүмкін: анықтаушы, прокурор немесе судья? Мен Павлодар облысының сот төрелігіне сенбеймін, сондықтан Сізге соңғы өтінішпен жүгініп отырмын. Ал Қазақстанның барлық әйелдеріне жаным ашиды. Егер олар да мен сияқты жағдайға тап болса, оларға ешкім қорған болмайды», - деді жәбірленуші.



