Астанада аялдаманы сындырған ер адам ұсталды (ВИДЕО)

25 тамыз, 2025
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
views157
Астанада аялдаманы сындырған ер адам ұсталды (ВИДЕО)
Фото: видеодан скрин

Астанада полицейлер қоғамдық мүлікке ұқыптылықпен қарауға шақырады, деп хабарлады Elordainfo.kz.  

Құқық бұзушылық туралы ақпарат «102» нөміріне түскен. «Байқоңыр» ауданындағы Уәлиханов көшесінде белгісіз біреу аялдама павильонының әйнек панелін сындырғаны белгілі болды.

«Жедел жүргізілген тексеру нәтижесінде 37 жастағы күдікті ұсталды. Тергеу барысында оның алкогольдік мас күйде қоғамдық мүлікті әдейі бүлдіргені анықталды.

Сот шешімімен құқық бұзушы бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе зақымдағаны үшін 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды», - делінген хабарламада.

Жыл басынан бері елордада осындай фактілер бойынша 165 адам жауапкершілікке тартылған. Қоғамдық мүлікті бүлдіру – бұл тек заң бұзушылық қана емес, сонымен қатар қоғам мен айналаға деген құрметсіздіктің көрінісі.

Астана қаласы Полиция департаменті қала инфрақұрылымына залал келтіру заңмен жазаланатынын еске салады. Аялдамалар мен орындықтарды, шағын сәулет нысандары мен өзге де қоғамдық кеңістікті бүлдіру қаланың көркін бұзып, тұрғындардың жайлы өмір сүруіне кедергі келтіреді.

Сондай-ақ барша қала тұрғындарын қоғамдық мүлікке ұқыпты қарауға және кез келген құқық бұзушылық фактісі туралы «102» нөміріне хабарлауға шақырады.