10 қазан – Кәсіподақтар күні

10 қазан – Кәсіподақтар күні. Бұл атаулы күннің тарихын ғасырдан астам уақыттан бері қарай тарқатуға болады. Қазақстандағы алғашқы кәсіподақ 120 жыл бұрын құрылған, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Қазақстандағы кәсіподақ қозғалысының тарихы ХХ ғасырдың басынан бастау алады. 1905 жылы Қарағанды өңіріндегі Өспен мыс кенішінде жұмысшылар өз құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында алғашқы кәсіподақ ұйымын құрды. Ол – Қазақстандағы ең алғашқы Кәсіподақтық ұйым ретінде ресми тіркелген.
Ал КСРО билігі тұсында, 1948 жылы Бүкілодақтық Орталық Кәсіподақтар Кеңесінің (БОКК) XIX Пленумының қаулысын басшылыққа алып, соның негізінде біріңғай орталық орган ретінде ұйымдастырылған. Оны Қазақ кәсіподақтар кеңесі басқарған.
Онан соң, 1990 жылдың желтоқсан айында Қазақстан кәсіподақтарының кезекті сьезі өтіп, онда ҚазКСР Кәсіподақтар федерациясын құру туралы декларация қабылдаған. 1992 жылдың наурызынан бастап ҚазКСР Кәсіподақ федерациясы – ҚР Кәсіподақтар федерациясы болып бекітілген.
Міне, құрылғанына 120 жылдан асып жығылған бұл ең үлкен әлеуметтік-қоғамдық ұйым Қазақстандағы 2 миллионға жуық еңбеккердің басын біріктіріп отыр.
Бүгінгі таңда кәсіподақтар – елдегі еңбеккерлердің құқығын қорғаушы бірден-бір ұйымға айналған. Өйткені, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, жұмыс берушілер мен мемлекеттік органдар алдында жұмыскерлердің құқықтарын қорғауды аталған ұйым өз жарғыларына енгізген. Кәсіподақтар федерациясы бүгінгі таңда еңбеккерлердің құқығын қорғау мен қамтамасыз етуге қатысты Заңдық һәм нормативтік-құқықтық актілерді жетілдіру, сол арқылы еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, осы бағыттағы ұлттық саясатты әрі қарай дамыту мен күшейту мақсатындағы қызметін жалғастырып жатыр.



