Қызылорда облысында 9 жыл бойы алимент төлемеген әке сотталды

фото: freepik.com
Қызылорда облысында алимент төлемеген ер адамға жаза тағайындалды, деп хабарлады Elordainfo.kz облыстық прокуратураға сілтеме жасап.
Сырдария аудандық прокуратурасы 9 жыл бойы балаларына алимент төлемеген азаматқа қатысты тергеу жүргізді. Ол адам төлеуге мүмкіндігі бола тұра, 2016 жылдан бері алимент төлеуден жалтарып келген. Осы уақыт ішінде жиналған қарыз сомасы 8 173 713 теңгені құрайды.
Аталған іс бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 139-бабы (Алимент төлеуден жалтару) бойынша іс қозғалды.
2025 жылғы 26 мамырда Қызылорда облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты азаматты кінәлі деп танып, оған 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 15:51
Жыл басынан бері заңсыз айналымнан 11 тоннадан астам есірткі алынды

Бүгін, 13:52
«Пәтер алып береміз»: Астаналықтарды сан соқтырған алаяқтар сотталды

Бүгін, 12:02
Қазақстаннан Еуропа елдеріне 5 мыңға жуық тонна балық заңсыз экспортталған

Бүгін, 11:05
Онлайн-ойындарды жарнамалаған 34 блогер анықталды