Қарағандыда тапаншаны жасырмақ болған жүргізуші ұсталды

фото: polisia.kz
Қарағанды қаласында өткізіліп жатқан «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында полицейлердің қырағылығының арқасында қару жасырмақ болған азамат құрықталды, деп хабарлады Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Облыстық полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері патрульдік полиция полкінің сақшылары және «Арлан» арнайы жасағының жауынгерлері бірлескен шара барысында 29 жастағы қала тұрғынын ұстады.
Патрульдік полиция күдіктіні тоқтатқан. Сол сәтте жүргізуші белгісіз затты жасырмақ болып, бұталардың арасына лақтырған. Тексеру кезінде оның травматикалық тапанша екені анықталды.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу басталып, қажетті сараптамалар тағайындалды.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 10:51
Қылмыстардың 58 пайызы камералардың көмегімен ашылды – Ержан Сәденов

Бүгін, 10:39
Биыл 80 мың қылмыстық құқық бұзушылық жасалды – Дания Еспаева

Бүгін, 08:58
«Ақтөбе» футбол клубының 15 жастағы ойыншысы қаза тапты

10 қазан, 2025
Үйіне қайтарып жіберген: Жамбыл облысында 6 жасар қыз көз жұмды