Астанада Nomad Fest мәдени фестивалі өтті

25 тамыз, 2025
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
views173
Астанада Nomad Fest мәдени фестивалі өтті
Фото: MEGA Silk Way сауда, ойын-сауық орталығынан

Астанадағы MEGA Silk Way сауда, ойын-сауық орталығы ерекше мерекелік атмосфераға бөленді. Онда сән, музыка, өнер мен этнолайфстайлды біріктірген NOMAD FEST мәдени фестивалі өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Екі күн бойы қала тұрғындары мен қонақтары ұлттық дәстүр мен заманауи өнер ұштасқан мазмұнды бағдарламаға куә болды.

Фестиваль аясынды отандық дизайнерлердің сән көрсетілімі ұйымдастырылып, GlobalNomads, Adili, Urpaq сынды брендтер өз коллекцияларын көпшілік назарына ұсынды.

Ұлттық киноны дәріптеген ашық ашпан астындағы «Жау жүрек мың бала» кинокөрсетілімінде белгілі актерлер Алтынай Нөгербек пен Тілектес Мейрамов көрермен мен өнердің арасын жалғаған рухани көпірге айналды.

Бұған қоса, шеберлік аймақтарында келушілерге ұлттық дәстүрге негізделген шаш өру өнері мен табиғи материалдардан қолөнер бұйымдарын әзірлеудің қыр-сыры үйретілді.

«NOMAD FEST – дәстүр мен заманауи өнерді тоғыстыратын жаңа мәдени алаң. Оның басты мақсаты – ұлттық құндылықтарды дәріптеп қана қоймай, жастардың шығармашылық әлеуетін ашуға, оларды өнер мен мәдениетке баулуға ықпал ету», - дейді ұйымдастырушылар.

Фестиваль Астананың мәдени өмірінде есте қаларлық оқиғаға айналды.