Президент Малайзия Премьер-министріне құттықтау жеделхатын жолдады

31 тамыз, 2025
Кербез Әлішер Кербез Әлішер
views85
Президент Малайзия Премьер-министріне құттықтау жеделхатын жолдады
Фото: akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Ануар Ибрагим мен оның отандастарын Малайзияның Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Малайзия арасындағы өзара түсіністік пен ортақ құндылықтарға негізделген қарым-қатынастың одан әрі нығая беретініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ануар Ибрагимнің аса жауапты қызметіне табыс, ал Малайзия халқына құт-береке тіледі.