Президент Газа секторындағы қақтығысты тоқтату туралы келісімді қолдайды

Бүгін, 08:51
Кербез Әлішер Кербез Әлішер
views62
Президент  Газа секторындағы қақтығысты тоқтату туралы келісімді қолдайды
Фото: akorda.kz

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мысырда өткен жанама келіссөздер барысында қол жеткізілген Газа секторындағы қақтығысты тоқтату және тұтқынға алынған адамдарды босату туралы келісімді қолдайды.

Мемлекет басшысы Мысыр, Қатар, Түркия елдерінің араағайындық қызметі табысты болғанын, сондай-ақ Таяу Шығыста бейбітшілік орнату жөніндегі келіссөздерге Президент Дональд Трамп бастаған АҚШ тарапының ерекше үлес қосқанын атап өтті.