ҚМА блогер Жанабыловтарға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді

Бүгін, 12:54
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
views54
ҚМА блогер Жанабыловтарға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді
Фото: instagram.com/elt6i

Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов Сенат қабырғасында блогер Жанабыловтардың ісіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Елемесовтің айтуынша, Жанабыловтарға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 214-бабы 1-бөлігі (заңсыз кәсіпкерлік) бойынша қылмыстық іс қозғалған.

«Қазіргі уақытта қылмыстық іс тіркеліп, тергеу басталды»,  - деді ҚМА өкілі.

Ол тергеу амалдары екі айға дейін созылуы мүмкін екенін айтты.