ШҚО-да ер адам өртеніп жатқан үйден көршісінің екі баласын құтқарып қалды

Бүгін, 11:31
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
views69
ШҚО-да ер адам өртеніп жатқан үйден көршісінің екі баласын құтқарып қалды
Фото: ТЖМ

ШҚО тұрғыны Дмитрий Недозрелов өрт шыққан үйден көршісінің екі баласын құтқарып қалды, деп хабарлады Elordainfo.kz ТЖМ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, Глубокое ауданына қарасты Черемшанка ауылында жеке тұрғын үйден өрт шыққан.

Тілсіз жау үйдің шатырын, жиһаздарын және жеке заттарды шарпыған. Өрт болған кезде үйде анасының қарауынсыз төрт бала болған.

2012 және 2019 жылы туған екі ересек бала өздері үйден шығып, көмек сұрап көрші үйге жүгірген. Көршісі Дмитрий Недозрелов бір сәтке де ойланбастан, жанып жатқан үйге кіріп, іште қалған 2021 және 2023 жылы туған балаларды сыртқа алып шыққан.

Оқиға орнына дереу жеткен өрт сөндірушілер 45 шаршы метр аумақтағы қамтығын жалынды ауыздықтаған. Балалар медициналық мекемеге жеткізілген. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Ал балаларды құтқарып қалған Дмитрий: «Менің орнымда кез келген ер адам дәл солай істер еді», - дейді.