Қызылорда облысында ірі есірткі алқабы жойылды

«Қарасора – 2025» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Қызылорда облысы ПД Қармақшы ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері заңсыз есірткі өсіру дерегінің жолын кесті, деп хабарлады Elordainfo.kz ІІМ ресми сайтына сілтеме жасап.
ІІМ баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, аудан тұрғынынан қапқа салынған 1,6 келі кептірілген марихуана алынған. Ол далалық жерде сора өсімдігін өсірген.
«Оқиға орнын қарап тексеру барысында 132 түп сора өсімдігі анықталған. Сараптама қорытындысымен тәркіленген заттардың салмағы 25 келіге жуық болып шықты. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жалғасуда. «Қарасора – 2025» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталғалы барлығы 155 есірткі құқық бұзушылығы анықталды. 1,3 тонна есірткі тәркіленді. 5 фитозертхана анықталды. Есірткі өсірумен айналысқан 49 адам ұсталды», - делінген полиция хабарламасында.



