Астанада қонақүйден өрт шықты: 60 адам эвакуацияланды

Фото: ТЖМ
Астанада ТЖМ қызметкерлері өрт кезінде 60-қа жуық адамды құтқарып, эвакуациялады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Астанада Республика даңғылы бойында орналасқан бес қабатты қонақүйде өрт шықты. 2-ден 5-қабатқа дейінгі электр қалқандарында электр сымдары жанып, жалпы 12 метр аумақты шарпыған.
«ТЖД күштерімен 50 адам эвакуацияланды. Тағы 8 адам, оның ішінде 2 бала, үш иінді саты мен арнайы құтқару маскаларының көмегімен құтқарылды», - делінген хабарламада.
Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі өрт толық сөндірілгенін хабарлады. Зардап шеккендер жоқ.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 11:31
ШҚО-да ер адам өртеніп жатқан үйден көршісінің екі баласын құтқарып қалды

Бүгін, 10:15
ҚМА Imrat Group атты қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты

Бүгін, 09:37
Қызылорда облысында ірі есірткі алқабы жойылды

15 қазан, 2025
«Таза Қазақстан»: Астанада құрылыс қалдықтарын заңсыз төккен ұйымдар жауапқа тартылды