Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровқа құттықтау жеделхатын жолдады

Фото: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және өз атынан Президент Садыр Жапаров пен оның отандастарын Қырғызстанның Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
«Еліміз қазақ-қырғыз сан қырлы стратегиялық серіктестігі мен одақтастығын одан әрі тереңдетуге баса мән береді. Бірлескен күш-жігер арқылы ғасырлардан тамыр тартатын достық, тату көршілік және өзара қолдау рухындағы мемлекетаралық байланыстарды нығайтуда айтарлықтай нәтижеге қол жеткізетінімізге сенімім мол», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 10:04
ШЫҰ саммитінде 20 құжатқа қол қойылды

Бүгін, 09:42
Қазақстанда ШЫҰ-ның Су мәселелерін зерттеу орталығын ашуды қолдаймыз – Президент

Бүгін, 09:40
Президент: Жасанды интеллектіні қарқынды дамытуда ШЫҰ әлемде көш бастай алады

Бүгін, 09:36
Мемлекет басшысы «ТрансАлтай диалогы» бастамасына қолдау білдірді