Көлікпен тротуардың үстімен жүрген: Елордада жол ережесін бұзған жүргізуші жазаланды
26 мамыр, 2025


фото: видеодан алынған кадр
Астанада көлік жүргізушісі жолдағы кептелісте уақыт жоғалтпау үшін жол жиегімен жүріп өткен. Ол бұл әрекетін видеоға түсіріп, желіге жүктеген, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Желіде тараған бейнежазбада «Астаналық кептелісте тұрмау әдісін ойлап тапты» деп жазылған.
Жүргізушінің бұл әрекетіне қатысты Elordainfo.kz тілшісі қалалық полиция департаментіне сауал жолдады.
«Chevrolet» маркалы автокөлік жүргізушісі ұялы телефонды пайдаланғаны және жаяу жүргіншілер жолымен, жол жиегімен немесе тротуармен қозғалғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар жүргізушімен профилактикалық әңгіме жүргізілді»,- деп жауап берді полиция.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 17:05
Қарағандыда жүкке жасырылған телефондар түрменің кіреберісінде әшкереленді

Бүгін, 15:28
Парашют ашылмай қалған: Ақтөбеде әскери институт курсанты қаза тапты

Бүгін, 15:02
Алматының орталығында газ құбыры жарылды: Зардап шеккендер бар

Бүгін, 13:21
Күйеуі соққыға жыққан әйел Мемлекет басшысының атына әділдік сұрап үндеу жолдады